Екібастұздық әке алименттен жалтарамын деп пәтерінен айырылды

745

Сот орындаушылары алимент төлемей қашып жүрген әкенің 4 бөлмелі пәтерін саудаға шығарған. 

Екібастұздық әке алименттен жалтарамын деп пәтерінен айырылды

Екібастұздық әке 2016 жылдан бері баласына алимент төлемеген екен. Осы уақыт ішінде оның бала алдындағы қарызы 2,2 млн теңгеге жеткен.  

"Сот орындаушысы борышкерді бірнеше рет жеке шақырып, алимент төлеу керектігін ескертті. Алайда, ол сот шешімін назарға алмай, туған баласына көмектесуге асықпады. Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берді. Кейіннен электрондық аукцион қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 4,6 млн.теңгеге сатылды. Пәтерден түскен қаражаттың 2,2 млн.теңгесі балаға заңмен тиесілі алимент ретінде төленсе, қалған сома борышкерге қайтарылды", – деп жазады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу