Екібастұздық прокурорлар арнайы автотехниканы мемлекетке қайтарды

137

Оның жалпы құны – 5,34 млрд теңге.  

Екібастұздық прокурорлар арнайы автотехниканы мемлекетке қайтарды Фото: magazine.ru

Қалалық прокуратура мемлекет тарапынан мүлікке құқықтарды сатып алу кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылы "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС-нен қалалық әкімдіктің коммуналдық меншігіне жалпы баланстық құны 5,34 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қабылданған.

Алайда жергілікті атқарушы орган тарапынан 21 автокөлік құралына меншік құқығы тіркелмеген, бұл кейіннен азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты 82 атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салуға негіз болған.

Қадағалау актісі бойынша әкімдік талап-арыз жұмыстары жүргізіліп, сот шешімімен ауыртпалықтар алынып тасталды. 

Нәтижесінде құны 235 млн теңгеден асатын мүлік мемлекеттік меншікке қайтарылды. Арнайы техника қаланың коммуналдық қажеттілігі үшін қолданылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу