"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілмек

451

Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады.  

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілмек Фото: gov.kz

Бүгін әлеуметтік желілерде Екібастұз  қаласындағы қара түтін көрсетілген видео мен фотолар жарияланды. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жүргізетін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Екібастұз қаласында "Қазгидромет" РМК 2 стационарлық бақылау бекеті орналасқан. 29 наурыздағы жағдай бойынша Мәшһүр-Жүсіп көшесі, 118/1 мекенжайындағы №1 атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау бекеті шекті рұқсат етілген концентрациялар асып кеткенін тіркеген жоқ.

"Жарияланым дәлелдерін егжей-тегжейлі тексеру үшін Департамент қызметкерлері "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС санитарлық қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның сапасына өлшеулер жүргізді. Өлшеу нәтижелері көміртегі оксиді бойынша 6,3 мг/м3 (ШРК 5,0), азот оксиді бойынша 0,527 мг/м3 (ШРК 0,5), шаң бойынша 0,638 мг/м3 (ШРК 0,5) асып кеткенін анықтады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу