Ekin Patrol G2: Жолдағы тәртіпті қадағалайтын жаңа жүйе іске қосылды

609

Астанада "Ekin Patrol G 2" жүйесі орнатылған 5 көлік бар.  

Ekin Patrol G2: Жолдағы тәртіпті қадағалайтын жаңа жүйе іске қосылды Фото: gov.kz

Астанада әрбір бағанада орнатылған сергекпен қатар, енді "Ekin Patrol G 2" деген жүйе жолдағы тәртіпті қадағалайды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тың технология патрульдік көліктің бірнешеуіне орнатылған. Яғни 360 градуста түсіретін камера жылдамдықты асырған машинаны бақылайды. Сонымен қатар іздеуде жүрген және көлік тізгіндеу құқығынан айырылған азаматтарды бірден анықтайды.

Ekin Patrol G2 жүйесі бар көліктердің сыртында 9 камера болады, іште біреу орнатылған. Олар қарама-қарсы бағыттағы және бір бағытта кетіп бара жатқан бүкіл автомобильді түсіріп отырады. Ал оның барлығы монитордан көрініп тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу