Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығы саласын несиелендіруге ниет танытпай отыр

599

Үкімет отырысында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов "Даму" қоры ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің несиесіне кепілдік беретінін мәлімдеді.

Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығы саласын несиелендіруге ниет танытпай отыр Фото: primeminister.kz

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 400 млрд теңге өңдеу саласына, яғни шикізаттық емес секторға бағытталды. Жалпы құны 326 млрд теңгеден асатын жоба қабылданды", – деді Абылай Мырзахметов. 

Басқарма төрағасының түсіндіруінше, ауыл шаруашылығы саласына несиенің 93% "ҚазАгро" тарапынан берілген. Екінші деңгейлі банктер әдеттегідей кепілзатты мәселе етіп, несие беруге құлықсыздық танытқан.

"Жалпы, бағдарламаға 7 рет өзгеріс енгізілді. Кепілзат мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Мәселені шешу үшін "Даму" қоры ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің 1 млрд теңгеге дейінгі несиесіне кепілдік беретін болды. Құны 1 млрд теңгеден асатын жобалар да назардан тыс қалмайды. Қор қарызға алынған қаражаттың 50% үшін жауапкершілік алады. Бұл бастама екінші деңгейлі банктердің ауыл шаруашылығы саласына несие беруін жандандырады деп ойлаймыз", – деді Абылай Мырзахметов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу