Екінші деңгейлі банктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр – Ұлттық банк

771

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі барлық қаржы ұйымдарының, соның ішінде екінші деңгейлі банктердің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Екінші деңгейлі банктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр – Ұлттық банк

"ЕДБ-ның (екінші деңгейлі банктер) барлық банктік қызметтері – жалақы мен зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу және алу, оларды банкоматтар арқылы шешу секілді банк қызметтері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қаржы ұйымдарына тиесілі банкоматтар мен терминалдар қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта интернет желісіндегі жалпы іркілістерге байланысты банк қосымшалары мен төлем терминалдарының жұмысында уақытша кідіріс бар",- деп жазылған таратылған хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан несиелерді есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ескертеді. Азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу