Екінші деңгейлі банктер ұсынатын ипотекалық өнімдер

603

Бүгінгі таңда елімізде 21 екінші деңгейлі банк бар.  

Екінші деңгейлі банктер ұсынатын ипотекалық өнімдер Фото: ranking.kz

Оның ішінде 12 қаржы институты ғана ипотекалық өнімдерді ұсынуға дайын. 5 банк аймақтарды қамтуына байланысты үздік ондықтың қатарына кіреді, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Сектордағы ең жақсы ставкалар тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін Отбасы банкке тиесілі. Мұнда қарыздардың екі негізгі нұсқасы бар: тұрғын үй және аралық. Аралық несие қарызы  қазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Мұнда ұзақ уақыт бойы қаражат жинаудың қажеті жоқ, тұрғын үй құнының 50%-ын жинаса да жеткілікті. Қарыздың бұл түрі бойынша мөлшерлемелер 7%-дан 11,5%-ға дейін өзгеріп отырады. Жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болса, мөлшерлеме соғұрлым төмен болады. Егер де жинақтау мерзімі 6 ай болса, бағалау көрсеткіштеріне қарамастан мөлшерлеме 7-8,5% құрайды. Депозитке тұрғын үй құнының 50%-ы енгізілген сәттен бастап үш жылдан кейін мөлшерлемелер 5%-ға дейін төмендейді. Бұл ретте депозитке банктің сыйақысы және мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы тағайындалады.

Басқа банктер стандартты ипотека түрін ұсынады. Бұл сегменттегі ең жақсы ставка "Банк ЦентрКредит"-ке тиесілі (14%, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 15,5%). Қарыздың ең жоғары сомасы – 100 млн теңге, берілу мерзімі – 3 айдан 15 жылға дейін.

Одан кейінгі орында "Банк Фридом Финанс Қазақстан" орналасқан:  пайыздық ставка –  16%, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 17,2%. Банк 36 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге 200 млн теңгеге дейін қарыз ұсынады.

Halyk Bank жалақы жобасына қатысушылары үшін өнім бойынша пайыздық мөлшерлеме – 17%-дан бастап (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 19,2%),  басқа клиенттер үшін –  18%-дан бастап (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 19,8%). Қарыздың берілу мерзімі – 6 айдан 20 жылға дейін. Банк несиенің максималды сомасын көрсетпеді.

Ресурс белгілі бір банктің немесе жеке тұрғын үй кешенінің кепілді тұрғын үйін қарастырмай, барлығына қолжетімді ұсыныстарды қарастырғанын атап өтті.

Numbeo сарапшыларының мәліметінше, Қазақстан ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі бойынша рейтингте 104 мемлекет арасында 94-орында тұр. Ресурстың жазуынша, бұл мақтануға тұрарлық жағдай емес көрінеді. Республикадағы пайыздық орташа мөлшерлеме 14,41%-ды құрайды. Бұл нәтиже коммерциялық банктердің стандартты ипотекасы есебінен алынған.

Егер де тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберіндегі ставкаларды қарастыратын болсақ, онда еліміз БАӘ, Израиль немесе Оңтүстік Корея (тұрғын үй қарыздары), Чехия, Кувейт, Канада және АҚШ (алдын ала қарыздар бойынша төмендетілген ставкалар) немесе Филиппин (алдын ала қарыздар) деңгейімен шамалас келеді.

Бірақ та, егер нарықтағы орташа ставкаларды ескеретін болсақ, Қазақстан Ливия, Шри-Ланка және Нигерия деңгейінде тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу