Екінші төлем: 744 мың адамға 42500 теңгеден тағайындалды

1066

Екінші мәрте төлем алуға өтінім берудің қажеті жоқ. Алғашқы ақша түскен күннен тура бір ай өткеннен кейін жәрдемақы автоматты түрде аударылады.

Екінші төлем: 744 мың адамға 42500 теңгеден тағайындалды

Мамыр айы үшін 744 мың қазақстандыққа 42500 теңгеден  тағайындалды. Сәуірдегі санды қосқанда төтенше жағдай жарияланғалы 4 млн 478 мың адам жәрдемақы алған. Ал 42500-ге өтінім бергендердің жалпы саны 8 млн асады, деп хабарлайды Atameken Business. 

3 млн 420 мың адамға түрлі себептермен төлем тағайындалмады.

Бірегей өтініштер саны Алматы мен Түркістан облыстарында ең көп тіркелді. Әр өңірде миллионнан астам адам жәрдемақы алуға құжат толтырыпты. Ең көп әлеуметтік төлем алған аймақтардың көшін де дәл осы қос облыс бастап тұр. Шамамен, әр екінші өтінім берушіге жәрдемақы тағайындалыпты.

Еске сала кетейін, екінші мәрте төлем алуға өтінім берудің қажеті жоқ. Алғашқы ақша түскен күннен тура бір ай өткеннен кейін жәрдемақы автоматты түрде аударылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу