Екінші жартыжылдықта мұнай бағасы 74 долларға дейін өсуі мүмкін

621

Соңғы айларда сұраныс артып, қор көлемі күрт азая бастаған.

Екінші жартыжылдықта мұнай бағасы 74 долларға дейін өсуі мүмкін Фото: reuters.com

Пандемия кезінде әлемдегі қоймаларда жиналған мұнай қоры таусылды, бұның салдарынан 2021 жылдың екінші жартысында шикізат құны қымбаттауы мүмкін. Халықаралық энергетикалық агенттік осындай болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы агенттіктің мәліметіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, ақпан айында әлемнің дамыған елдеріндегі мұнай қоры 2015-2019 жылдардағы көрсеткіштен 57 млн баррельге артық болған. 2020 жылдың шілдесінде мұнайдың қоры бес есе жоғары болды.Бірақ соңғы айларда сұраныс артып, қор көлемі күрт азая бастады.Bloomberg агенттігі бұның салдарынан 2021 жылдың екінші жартысында мұнай баррелінің бағасы 74 долларға дейін өсуі мүмкін деп топшылап отыр.

Қазіргі уақытта мұнайдың ең көп қоры Қытайда, ал америкалық шикізат қорының көлемі пандемияға дейінгі деңгейге дейін азайған. Құрама Штаттарда 1,28 миллиард баррель "қара алтын" бар. 

Бұған дейін ОПЕК+ елдері кезекті отырыс барысында шикізат өндірісін арттыруға уағдаласқан болатын. Нақтырақ айтқанда, бір күнде жер қойнауынан шығарылатын мұнай көлемі 350 мың баррельге, маусымда 350 мың баррельге, шілдеде 450 мың баррельге артады. Алдағы үш айда Сауд Арабиясы да өндіріс көлемін ұлғайтатын болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу