"Эко кеңсе" атты акция басталды

1090

Алматыда қоқыс өңдеумен айналысатын 30-ға жуық кәсіпорын былтыр 90 мың тоннаға жуық қоқыс өңдеген.  

"Эко кеңсе" атты акция басталды

Алматыда "Эко кеңсе" атты акция басталды, деп хабарлайды Atameken Business.    

Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Нариман Әбілшайықов Экофорум барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қаладағы 80 мекеменің кеңсесіне пластик, қағаз және шыны тастайтын қоқыс жәшіктері орнатылады. Ал жиналған қалдық өңдеушілерге жіберіледі.

Маманның сөзінше, жәшікті орнату және тасымалдау шығынын делдал компаниялар өз мойнына алады. Өйткені, олар қалдықты шикізат ретінде өңдеуші мекемелерге сата алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу