Экобелсенділер Гамбург пен Дюссельдорф әуежайларын жауып тастады

325

"Соңғы буын" қозғалысының радикалды белсенділері әуежай аумағына қоршаулар арқылы кіріп, ұшу-қону жолағындағы қозғалысты жауып тастады.

Экобелсенділер Гамбург пен Дюссельдорф әуежайларын жауып тастады Фото: Aviation Explorer

"Соңғы буын" қозғалысының (Letzte Generation) радикалды белсенділері Германиядағы бірнеше әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын жауып тастады, деп жазады inbusiness.kz

Гамбург әуе айлағында жазғы мектеп демалысының бірінші күні бірнеше белсенді өзін ұшу-қону жолағына жабыстырып тастады. Әуе торабының баспасөз қызметі Twitter-де хабарлағандай, аумаққа бөгде адамдардың кіруіне байланысты рейстер тоқтатылды.

Гамбург полициясының ахуалдық орталығының өкілі dpa агенттігіне әуежайда операция жүргізілгенін растады. "Соңғы буын" тобының мәліметі бойынша, белсенділер аумаққа қоршау арқылы кірді.

Дәл сол уақытта екінші әуежай - Дюссельдорф халықаралық әуежайында "Соңғы буын" алты-жеті белсендісі ұшақтардың ұшу-қону жолағына қарай қозғалысын бөгеп, такси жолына өздерін жабыстырды. Акцияға қатысушылардың айтуынша, олар ұшу алаңына қоршауды кесіп кірген. Оқиға орнына көптеген төтенше жағдайлар қызметкерлері келді. dpa атап өткендей, рейстер уақытша шектелген.

Белсенділер өздерінің әрекеттері туралы түсініктеме бере отырып, Twitter-де: "біз Үкіметтің Климаттық дағдарысқа қарсы жоспардың жоқтығына және заңдардың бұзылуына наразылық білдіреміз" деп жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу