Экология министрлігі киіктерді қайта атуға шешім қабылдады

177

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің санын реттеу шараларын қайта бастау туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Экология министрлігі киіктерді қайта атуға шешім қабылдады Фото: egemen.kz

Министр бұл шешімді Батыс Қазақстан облысындағы фермерлермен кездесуде айтқан. Оның айтуынша, бұл қадам ғылыми деректер мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып қабылданған.

"Ғылыми қорытындыларға, фермерлердің ұсыныстарына және әлемде жекелеген жануар түрлерінің санын реттеу тәжірибесіне сүйене отырып, киік популяциясын реттеу туралы шешім қабылданды", – деді Ерлан Нысанбаев.

Бұған дейін Қазақстан киік популяциясын қалпына келтіруге көп күш пен қаражат жұмсаған болатын. Алайда қазір билік өкілдері тарапынан осы жануарлардың ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігіне, тіпті адамға қауіп төндіре бастады деген пікірлер айтылып жүр.

27 мамыр күні Мәжіліс ғимаратында Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті. Онда киік популяциясына қатысты мәселелер қызу талқыланды. Көптеген дау-дамай, ескертулер мен шағымдар айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу