Экология министрлігі Нұр-Сұлтандағы көне теректерді өз қамқорлығына алады

879

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі өз парақшасында жазды.  

Экология министрлігі Нұр-Сұлтандағы көне теректерді өз қамқорлығына алады

Министр Нұр-Сұлтан қаласының орталық паркіндегі көне терекке айрықша мәртебе беруге және оны сақтауға шақырған астана тұрғындарын қолдап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстандықтардың астана тұрғындарына белгілі 120 жылдық ерекше терек ағашын сақтау қажеттігі туралы бастамасын қолдаймын. Ол үшін барлық күшімізді салған жөн. "Министрлік өз тарапынан ағашты сақтау жөніндегі жауапкершілікті алады. Ақпарат жазылған тақтайша орнатылады", - деп хабарлады ол.

Сондай-ақ ол Нұр-Сұлтан қаласының белсенділеріне қоршаған ортаға қамқорлық білдіргені үшін алғыс айтып, қалалықтарды "осы табиғи бірегей байлықты аялауға шақырды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу