Экологиялық қауіпті нысандар ерекше назарға алынады

1353

50 ірі кәсіпорын экологияға зиян келтірмейтін озық технологияға көшеді. 

Экологиялық қауіпті нысандар ерекше назарға алынады

Мәжілістің жалпы отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев экологиялық кодекс жобасы бойынша баяндама жасады. 

"Ластаушы төлейді" қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау шаралары жатады. Сонымен қатар қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Осылайша мемлекет табиғатты пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауға тиіс. Бұдан басқа экологиялық залал орын алған жағдайда табиғатты пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндеттеледі", – деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, ең озық қолжетімді технологияны енгізу шарты бойынша бірінші санаттағы нысандар кешенді экологиялық рұқсатқа көшуге тиіс. Ал жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсат алуға міндетті болады. 

"Ең озық қолжетімді технология енгізу нәтижесінде еліміздегі экологиялық ахуал жақсарады. Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты 50 ірі кәсіпорынды ең озық қолжетімді технологияға ауыстыру жоспарланған. Айта кетерлігі, осы 50 кәсіпорынға жалпы ластанудың 80%-ы  тиесілі. Кодекс жобасында бірінші санаттағы ірі кәсіпорындарға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу туралы талап қарастырылды. Олардың тізбесі қайта қаралып, экологиялық қауіпті нысандар ерекше назарға алынады", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу