Экологиялық қылмыс бір жылда екі есе азайды

1442

Қылмыстың үштен бірі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерге қатысты.

Экологиялық қылмыс бір жылда екі есе азайды

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында республикада 626 экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. finprom.kz мәліметінше, бұл осыдан бір жыл бұрынғыдан екі есе аз. Атап айтар болсақ, өткен жылы осы уақыт аралығында 1,3 мың осындай құқық бұзушылық тіркелген. Ал бұл одан арғы жылмен салыстырғанда 5,7%-ға аз.

Өңірлер бойынша ең көп экологиялық құқық бұзу Атырау облысында тіркелді. Атырауда экологиялық құқық 101 рет бұзылып, бір жылда 12,2%-ға өскен. Одан кейінгі орында Батыс Қазақстан (74 жағдай, +29,8%) және Маңғыстау (64 жағдай, -29,7%) облыстары тұр. Ал ірі қалаларда заң біршама азырақ бұзылған. Мәселен Алматыда 3, Нұр-Сұлтанда 7 және Шымкент қаласында 8 жағдай болды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, он айдың қорытындысы бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктермен және жануарлар түрлерімен заңсыз жұмыс істеген 223 құқық бұзушылық белгілі болған. Яғни осындай заңсыз әрекеттің 35,6%-ы әшкереленді. Бұл осыдан бір жыл бұрынғыдан 36,8%-ға артық.
Бұдан басқа балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен суда өсетін өсімдіктерді заңсыз өндірудің 168 жағдайы немесе 26,8%-ы анықталды. Дегенмен қылмыстың осы түрі бір жылда 24,7%-ға азайған. Ал заңсыз аң аулау жөнінде 18,1% немесе 113 жағдай тіркелді. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу