Экологиялық туризмді дамыту Орталық Азияға саяхатшылар санын арттырады

449

Бұл туралы Ташкентте "Тұрақты туризмнің" әлеуеті талқыланған халықаралық конференцияда айтылды. 

Экологиялық туризмді дамыту Орталық Азияға саяхатшылар санын арттырады Фото: inform.kz

Экологиялық туризмді дамыту Орталық Азия елдеріне саяхатшылар санын арттырады. Алыс-жақын шетелдерден жиналған сала мамандары "жасыл" технологияларды қолдану  туризмді дамытудың негізгі факторына айналып жатқанына тоқталды. Мәселен, Өзбекстанда 300-ден астам қонақүй микроклиматты жақсартып, су мен энергия ресурстарын үнемдейтін құрылғыларды пайдаланады. Бұл кәсіпкерлердің шығынын азайтады. Ал туроператорлар әлемдік трендтерге байланысты серіктестік үшін "жасыл технологиясы" бар отельдерді жиі таңдайды. Сәйкесінше туристер саны артады. Қазақстанда да соңғы жылдары осы тәжірибеге жүгінетін бизнесмендер саны артқан. Алайда әлі де толық әлеуетін пайдалана алмай отыр. Қазір, кәсіпкерлер "жасыл технологиялар" шығын емес табыс көзі екенін түсінуі керек,-дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу