Тексеріс нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды.
Екінші санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған қаулы жеке серіктестік тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағым түсірумен аяқталды.
Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды", – делінген мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы таратқан хабарламада.
Тарап апелляциялық тәртіппен Жоғары сотқа да шағым түсірген. Алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.