Экологиялық Жол карталары өңірлерде қалай жүзеге асырылып жатыр

589

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша өңірлерде экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі Жол карталары іске асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Экологиялық Жол карталары өңірлерде қалай жүзеге асырылып жатыр

Министрдің айтуынша Атырау облысындағы "Тухлая балка" булану алаңы қалпына келтіріліп жатыр. Ал Атырау қаласының сол жағалауында биыл жаңа кәріз-тазарту құрылғылары пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2023 жылы аяқталатын ескі кәріз-тазарту нысандарын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы "Квадрат" булану алаңын тазарту жұмыстары аяқталады. 

"Ақтөбе облысында ферроқорытпа зауытында цехтарды жаңғырту және қайта құру жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 2022 жылдың аяғында  шығарындылар 30% азаяды. Алматы қаласында екінші және үшінші жылу электр орталығын жаңғырту жөніндегі жобаны жеделдетуді қажет етеді. Өз кезегінде, әкімдік қоғамдық көлікті газға көшіру және жел режимін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кейіннен бас жоспарға түзетулер енгізуі керектігін атап өтемін. Қарағанды облысында қол қойылған "Арселор Миттал Теміртау" меморандумына сәйкес, 2025 жылға дейін атмосфераға шығарындыларды 30% төмендетуге міндеттеледі. Сондай-ақ Теміртау қаласының айналасына 500 мың түп ағаш егіледі", - дейді ол.

Сонымен қатар Өскемендегі "Казцинк" кәсіпорынының меморандумына сәйкес атмосфераға шығарындыларын 20% төмендету көзделген. Сондай-ақ, қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары сәйкестендіріледі. Маңғыстау облысында "Қошқар ата" тарихи ластануын жою жұмыстары басталды. Бұдан басқа, "ҚазМұнайГаз" компаниясы 2024 жылға дейін екі жарым 2,5 млн тонна мұнай қалдығын жою және кәдеге жарату жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде қалдықтың 437 мың тоннасы жойылды.

"Өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешу олардың қысқа мерзімді перспективада орындалуын талап ететінін ескере отырып, Жол карталарын белгіленген мерзімде орындау жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау қажет деп санаймыз", - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу