Экономика саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны артты

856

Олардың ең жиі кездесетіні жалған шот-фактуралар әзірлеу.  

Экономика саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны артты

Елімізде 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде экономика саласында 1,1 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46,2%-ға жоғары.  Оның 582-сі сотқа жіберілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,4 есе жоғары, деп хабарлады finprom.kz. 

Салыстырмалы түрде алсақ, 2019 жылдың тоғыз айында экономика саласында 736 құқық бұзушылық тіркелген. Өз кезегінде бұл көрсеткіш 2018 жылдан 45,7%-ға төмен болатын.  

Өңірлер бойынша ең көп заң бұзушылық 217 жағдай Алматы қаласында анықталған. Мегаполисте мұндай қылмыстар саны 2 есе артқан. 
Екінші сатыда 142 құқық бұзушылық көрсеткішімен Шымкент тұр. Мұнда да көрсеткіштер 2,6 есе өскен. Ал бұл үштікті 82 жағдай мен Алматы облысы қорытындылайды. 

Ал баптар бойынша алып қарасақ, істердің үштен бірі немесе 354 жағдай жалған шот-фактура жазып беру бойынша қозғалған. Одан кейінгі орында 18,8% көрсеткішімен жалған ақша мен құнды қағаздар жасау, сақтау, алып жүру. 

Сонымен қатар құқық бұзушылықтар қатарында қаржы пирамидаларын құру жиі кездеседі. Биыл осындай 146 жағдай тіркеліп, аталған қылмыс түрі 8,6 есе артқан. 
Жыл басынан бері елімізде жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан 60 қылмыстық топ ұсталған. Бұлар қосымша 1 200 компания құрған, әрі олардың қаржы айналымы 2 трлн теңгеден асқан. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу