Экономика тығырықтан қашан шығады?

834

Қазақстан экономикасы тығырықтан қашан шығады? Болжамдар әртүрлі.

Экономика тығырықтан қашан шығады?

"Блумберг" ұсынған ақпаратқа назар аударсақ: Биыл бізде өсім 3,7 пайыз болады. Халықаралық валюта қоры да тура осындай болжам жасаған. Келесі жылы көрсеткіш 7 жыл бұрынғы деңгейге жуықтайды. Бұл – жағдай пандемияға дейінгі кезге жуықтайды деген сөз. 2023-те шамалы түседі.

Салыстыру үшін мысал келтірсек, теріскейдегі көршімізде жағдай жақсы емес. Рецессияның болу мүмкіндігі - 10 пайыз. АҚШ экономикасы биыл жоғары өсім көрсетеді. Америкалық экономистер ол 7-ден асады деп жатыр. "Блумберг" оны 6,6 деп белгіледі. Келесі жылы 2,5 пайызға дейін төмендейді. Одан кейін де белсенділіктің бәсеңдейтінін байқаймыз. АҚШ-тың басты бәсекелесі - жетекші орында. Дегенмен алдағы екі жылда өсім айтарлықтай төмендейді.

Бұл – бар болғаны болжам. Жағдайдың қандай болары індеттің таралу қарқынына байланысты. Екпе салу жылдамдығы, экономикасы шикізатқа тәуелді елдер үшін мұнай бағасының динамикасы да  маңызды рөлге ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу