Экономикада микроқаржы ұйымдарының үлесі артып келеді

940

Экономикада микроқаржы ұйымдарының үлесі артып келеді

Қазақстанда ресми түрде 150 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Яғни, олардың саны банктерге қарағанда 4,5 есеге көп. Дегенмен, бұндай ұйымдар еліміздің кей өңірлерінде ғана белсенділік танытуда, деп хабарлайды ranking.kz.

Алматының микронесие нарығында 50 ұйым жұмыс істесе, ОҚО-да осы бағытта қызмет көрсететін 30 кеңсе бар. Астана еліміздің бас қаласы болғанымен, үшінші орында тұр. Қала бойынша 25 МҚҰ жұмыс жасайды.

МҚҰ ұйымдардың дені оңтүстік аймақтарда. Еліміздің солтүстік өңірлерінде 72 кеңсе болса, оңтүстік облыстарда 109 ресми МҚҰ орталығы бар. Ал батыс өңірлерде шағын қаржылық ұйымдардың белсенділігі шығысқа қарағанда біршама жоғары.

Айта кетсек, азаматтар бұл мекемелердің көмегіне тұрмыстық техника, мал, тұқымдық астық, бизнесіне қажетті түрлі қондырғылар сатып алу үшін жүгінеді. Мұндай ұйымдардың көп уақыт пен құжат жинауды талап етпейтіндігі олардың дамуына жол ашып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу