Экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай өспеген – Тоқаев

1512

Оның пікірінше, Үкімет барлық өнеркәсіп саласына терең талдау жүргізуі керек. 

Экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай өспеген – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай өспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру болмаса, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес екенін атап өтті.

"Бұл жұмыстың басты бағыты – өңдеу өнеркәсібін дамыту. Демек ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай өсті деп айтуға келмейді. Біз әлі күнге дейін бірқатар өнім түрінен импортқа тәуелдіміз. Жыл өткен сайын еліміздің төлем балансында өткір тапшылық байқалауда. Алюминий, мыстан жасалған дайын бұйымдар және машина жасау саласына қажет міндетті жабдықтар әлі күнге дейін шетелден әкелінеді", - деді Президент Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша тек мұнай-газ және тау-кен машина жасау саласының импорты 4 млрд доллардан асты. 

"Үкімет бүкіл өнеркәсіп саласына терең талдау жұмысын жүргізуі тиіс. Шикізат қорын, құзыреттері мен экономикалық тиімділікті ескере отырып, бәсекеге қабілетті секторларды анықтауы керек. Жүргізілген талдаудың негізінде нақты жобаларды әзірлеп, инвесторларды тарту қажет. Бұл Үкіметтің жаңа құрамының алдында тұрған – басты міндеттердің бірі", - деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу