Экономикалық қызметтің 70% кәсіби стандартпен қамтылады

757

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов елімізде 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілгенін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Экономикалық қызметтің 70% кәсіби стандартпен қамтылады

Оның сөзінше, біліктілікті арттырудың кәсіби стандарты бар. Бекітілген стандарт түрлі мамандық бойынша қандай біліктілік қажет екенін нақтылайды.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы кәсіби стандарты бекіту жұмысын жалғастырып жатыр. Кәсіби стандарт 28 қызмет түрін қамтып отыр. Бүгінге дейін 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілді", – деді министрдің орынбасары.

Ақмәди Сарбасовтың сөзінше, 2025 жылға қарай экономикалық қызметтің 70% кәсіби стандартпен қамтылуға тиіс.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу