Экономикалық тергеу қызметі қаржы министрлігінен бөлініп шықты

1699

Экономикалық тергеу қызметі қаржы министрлігінен бөлініп шықты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай экономикалық тергеу қызметі қаржы министрлігінен бөлініп шықты, деп хабарлайды Atameken TV.

Жаңа ведомство экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттырмақ. Енді жаңа заңға сәйкес ведомство криминалистикалық бөлімшелердің арнаулы мамандары ретінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге қылмысты аша алады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы бекітетін жоғары біліктілік сыныбы тізбесінде басшылық құрамының мәртебесін көтеру мәселелері де қарастырылған. Бұдан басқа, қашықтық мониторинг және мемлекетке залал келтіретін тәуекелді кәсіпорындардың құқыққа қайшы қызметінің жолын дер кезінде кесу де осы жауапты органға тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу