Екпе арасындағы интервалды анықтау қажет

1043

Премьер-министр Асқар Мамин адамдарға вакцина таңдау құқығы берілуге тиіс екенін мәлімдеді. 

Екпе арасындағы интервалды анықтау қажет

Үкімет басшысы вакцинаның бірінші компоненті 1,9 млн-нан астам, екінші компоненті 800 мыңға жуық адамға егілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ауру жұқтыру бойынша жағдайдың жақсарғаны байқалғанмен, 6 өңір "қызыл" аймақта тұр. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары. Вирустың репродуктивтілік индексі 0,98%-ды құрайды. Ауруханалардағы орындар – 36%-ға, жансақтау бөлімдері 28%-ға толы", – деді үкімет басшысы.

Асқар Маминнің айтуынша, қоймалар мен медициналық ұйымдарда вакцинаның бірінші және екінші компоненті жеткілікті көлемде сақталған. 

"Вакцинаның қоры үнемі толықтырылып отырады. Вакциналау – жоспар бойынша жүріп жатыр. Өңірлерде вакциналауды арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет. Әкімдер мәселені ерекше бақылауда ұстасын!", – деді үкімет басшысы.

Бұдан кейін Асқар Мамин адамдарға вакцинаны таңдау құқығы және тиісті ақпарат берілуге тиіс екеніне тоқталды. 

"Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау арасындағы интервалды нақты анықтап, халықтың қалауына назар аудару керек. Сонымен қатар шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторинг топтарының жұмысын жалғастыру қажет. Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану оң нәтиже беріп жатыр. Соның арқасында қызмет көрсету саласындағы бизнестің жұмыс істеу мүмкіндігі жақсарды, оларға келуші адамдардың қауіпсіздігі артты. Қосымшаны пайдалану салаларын одан әрі кеңейту қажет", – деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу