Экс-әкімнің бауыры 500 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

860

Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Серік Біләловтың туған інісі Ерік Біләлов қомақты қаржыны жымқырған.  

Экс-әкімнің бауыры 500 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Петропавлда "Бескөл құс фабрикасы" компаниясының директоры Ерік Біләлов 500 млн теңгеге жуық ақшаны ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметтеріне қарағанда, фирманың басшысы бастаған топ алаяқтық жолмен бірнеше жыл бойы мемлекеттік субсидияларды жымқырған. Департамент қызметкерлері басты күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамағанымен, кейін босатып жіберіпті. Айта кету керек, сезікті Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімінің туған інісі болып келеді. Сондай-ақ экс-сенатор Серік Біләловтың, Ақмола облысының полиция департаментінің бұрынғы басшысы Берік Біләловтың бауыры екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу