Ол әлеуметтік желіде науқастың медициналық мекемеден шығарылған сәттің видеосымен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейінді ауруханасынан шығардық", – деді Бақытжан Базарбек.
Кадрларда Нұржігітті екі адам қолтықтап алып шыққаны және аурухана қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қоштасқаны көрінеді.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жол апаты 15 тамызда кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Полицияның мәліметінше, Toyota көлігін басқарған Бақытжан Базарбек республикалық маңызы бар тасжолдың жүргін бөлігінде болған 36 жастағы ер адамды қағып кеткен.
Дәрігерлер науқастың жағдайы аса ауыр екенін жеткізді. Кейін экс-депутат жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге түскен бейнежазбаны жариялады.
Тамыз айының соңында Нұржігіт Қошанов Құлан ауылындағы ауруханадан Тараз қалалық ауруханасына ауыстырылды. Ол 31 күн ем алды. 24 күннен кейін комадан шықты.