Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы бір айға ұзартылды

1076

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үйқамақта наурыз айының соңына дейін отыратын болды, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады. Айтуынша, қазір сот алды тергеу жүргізіліп жатыр. Дегенмен тексерістің қашан аяқталатынын өздері де білмейді. Ал сотта ірі көлемде бюджет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған Елжан Біртановты бірден үш адвокат қорғайды екен. Бірақ қазір үйқамақта отырған бұрынғы министрмен біреуі де сөйлесе алмай отыр. Себебі сот күдіктімен тілдесуге тыйым салыпты. Дмитрий Куряченко сот шығарған бұлтартпау шарасын заңсыз санайды. Ол тіпті, мемлекет басшысынан "Біртановты заңсыз қудалауды тексеруін" сұрап, өтініш жазған екен. Бұған дейін айтылғандай, экс-министр былтырғы жылдың маусым айында отставкаға кеткен еді. Кейін ғаламторда Біртанов үкіметтің 526 миллион теңгесін жымқырғаны үшін күдікке ілінгені жайлы ақпарат тарады. Онда бұл сома денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінгені жазылған. Дегенмен Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұл мәліметті әлі ресми мәлімдемеді. Елжан Біртановтың үйқамақта отырғанына осымен төртінші ай болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу