Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

376

Бұрынғы шенеуніктің мүлкі тәркіленді. 

Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды Фото: gov.kz

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді. Әділет экс-министріне қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелген. Тергеу "құпия" белгісімен жүргізілгендіктен, іс материалдары мен қылмыс мән-жайлары жария етуге жатпайды", – деді Данияр Бигайдаров брифингте.

Айта кету керек, бұрынғы министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын хабарлаған болатынбыз. Оның елден қашпақ болған жерінен ұсталғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу