Джо Байденнің сөзінше, енді Газа тұрғындарына алаңсыз өмірге қайта оралуға мүмкіндік туып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Соңғы 20 аман қалған тұтқын адам сенгісіз тозақты бастан өткерді. Олар ақыры өз отбасылары мен жақындарына қайта қауышты, сондай-ақ өлшеусіз зардап шеккен Газа тұрғындарының енді өміріне қайта оралуға мүмкіндік алатынына мен шын жүректен ризамын және қуаныштымын, – деп жазды ол X парақшасында.
Бұрынғы президенттің айтуынша, оның әкімшілігі де кепілге алынғандарды үйлеріне қайтару, палестиналық бейбіт тұрғындарға көмек көрсету және соғысты тоқтату жолында аянбай еңбек еткен.
– Мен президент Трамп пен оның командасының атысты тоқтату туралы түпкілікті келісімге қол жеткізудегі күш-жігерін жоғары бағалаймын, – деп нақтылай түсті ол.
Айта кетейік, Газа секторындағы Израиль мен Палестина күштері арасындағы атысты тоқтату туралы келісім 10 қазан күні түскі уақытта күшіне енген болатын.