ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлер сатылымға қайта шығарылды

672

Бұған дейін бұл тұрғын үйлерге өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылған болатын. 

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлер сатылымға қайта шығарылды

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлер қайта сатылымға шығарылды. Өтініштерді қабылдау наурыздың 30-нан басталады, деп хабарлайды Atameken Business.

"Бәйтерек девелопмент" компаниясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, сатып алу бірнеше механизм бойынша жүзеге асырылады. Оның бірі –  пәтер бағасының алдын ала 20 пайыздық жарнасын төлеу арқылы 3 жылдық үстемақымен 12 жылға бөліп төлеу жүйесі. Ол көлік тұрағын алуға қолданылмайды. Аталмыш механизм аясында тек 1 пәтер алуға болады. Әрі өтініш берушінің жас мөлшері 70-тен аспауға тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлер сатылымға шығарылып, кейін өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылған болатын. Тіпті бастапқы жарналарын құйып қойғандардың қаржылары қайтарылатыны да айтылған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу