27 маусымда EXPO-2017 көрмесі аясында өтетін Димаш Құдайбергеннің шоу-концертіне шетелдік әншілер келеді, деп хабарлайды 24.kz.
Қонақтар тек Димашпен бірге дуэт орындайды. Жеке ән айтпайды. Астанаға келетін әншілер ішінде Лара Фабиан мен ағайынды Меладзелер бар.
ЭКСПО көрмесі қарсаңында мерекелік шараларды өтеуге қазынадан 9 млрд теңге бөлінді. Оның 90 пайызы мемлекеттік театрлардың шығынын өтеуге жұмсалады. Ал әлемдік деңгейдегі өнер ордаларының Астанаға келуін шетелдік компаниялар қамтамасыз етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу