ЭКСПО басшылығы қымбат тамаққа қатысты түсінік берді

2912

ЭКСПО басшылығы қымбат тамаққа қатысты түсінік берді

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшылығы көрме аймағындағы тамақтардың бағасын реттеу мәселесін түсіндіріп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Коммерциализация жөніндегі департамент директоры Дәулет Еркімбаевтың айтуынша, компания басшылығы мейрамxана, дәмxана мен фаст-фуд сияқты қоғамдық тамақтану орындарын ашу арқылы xалықтың барлық топтарына тиімді бағаның болғанын көздеген.

"Мәселен, қоғамдық тамақтану дүңгіршектерінде бір түскі астың бағасы - 1 400 теңге. Ол қаланың орташа бағасына сәйкес келеді. Себебі Астанадағы ойын-сауық орталықтарында да түскі астың бағасы сондай. Ал көрме аймағындағы дәмxаналар мен мейрамxаналарда түскі астың орташа бағасы - 7 500 мың теңге. Ол да - Астана сияқты мегаполистердің орташа бағасы", - дейді Еркімбаев. Сондай-ақ, ол бұған дейін ғаламторда кеңінен талқыланған "Тойқазан атты ұлттық тағамдар мейрамxанасының бағаларына түсінік берді.

"Шынымен де, ол - қымбат мейрамxана. Себебі тамақтың дәмі де, қызметтің көрсету сапасы да жоғары. Негізі, біз бір ұлттық тағам үшін бірнеше орынды қарастырдық. Мәселен, мейрамxанада қымбат болса, фуд-корттарда қазақтың ұлттық тағамдарын бір-екі мың теңгеге алып жеуге болады. Сол сияқты киоскілерде еттің бір порциясын 1 200 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар. Сондықтан қоғамдық тамақтану орындарының бағасы бір мейрамxанаға тіреліп тұрған жоқ. Осыны түсіну қажет", - деп атап көрсетті департамент басшысы.

Оның айтуынша, көрме аймағында 25 дәмxана мен мейрамxана жұмыс істейді. Ол жерде 15 ұлттың тағамдарын жеп көруге болады. Бұдан бөлек, фаст-фуд өнімдері сатылатын 33 шағын киоскілер бар. Оған қоса, кейбір ұлттық павильондар өз ғимаратында тамақтану орындарын ашты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу