ЭКСПО-да кеңсенің шаршы метрі 6,7 мың теңге болады

751

ЭКСПО-да кеңсенің шаршы метрі 6,7 мың теңге болады

ЭКСПО-ның жалға берілетін нысандарындағы офистердің 1 шаршы метрі 6 700 теңге болады, деп хабарлайды abctv.kz.

Қазір халықаралық негізгі төрт нысан қайта жаңғыртудан өтуде. Оның біріне 2018 жылы "Астана" қаржы орталығы орналаспақ. Орташа есеппен кеңсенің 1 шаршы метрі 6 700 теңге болады. Кеңселерді, тамақтану орындарын жалға алуда "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясымен келісімшартқа отыруы керек.    

"Билеттен, нысандарды жалға беруден компанияға едәуір табыс түспек. Алдағы уақытта табыстың барлығы компанияны ұстап тұруға жұмсалады.  Халықаралық көрме кезінде отандық туризм жаңа деңгейге көтерілді. Туристік операторларға деген сұраныс 78%-ға артты. Сондықтан көрме кешені әлі де болса отандық және шетелдік туристердің сүйікті орнына айналады деген сенімдеміз. Бұл ретте туристік операторлармен арнайы жұмыс жүргізілуде", – дейді ұлттық компания өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу