ЭКСПО қалашығында Оңтүстік Кореяның ұлттық күні өтіп жатыр

969

ЭКСПО қалашығында Оңтүстік Кореяның ұлттық күні өтіп жатыр

Бүгін ЭКСПО қалашығында Оңтүстік Кореяның ұлттық күні өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz7

"Болашақ энергиясы" тақырыбы корейлерге тікелей қатысты. Себебі бұл ел қазір әлемдегі баламалы қуат көздерін пайдаланушылардың алдыңғы қатарында келеді. Корейлер 2030 жылға дейін жасыл экономика үшін елдегі қуат көздерінің 30 пайызын баламалы етуді көздейді.

Ұлттық күн сахналық шарадан басталды. Оның барысында Қазақстанның Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Хайыров елімізде Оңтүстік Кореяның 400-ге жуық компаниясымен бірлескен 40-қа жуық жобаның іске асып жатқанын атап өтті. Ал корейлік тарап дипломатиялық қатынас арқасында инвестиция бірнеше есеге артқанын тілге тиек етті.

Ұлттық күн аясында танымал би тобы, таэквондошылар мен үрмелі аспаптар ансамблі өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу