ЭКСПО қарсаңында Астанаға 380 жаңа автобус жеткізіледі

802

ЭКСПО қарсаңында Астанаға 380 жаңа автобус жеткізіледі

Елордада "ЭКСПО-2017" көрмесіне орай 11 автобустың қозғалыс жиілігі 5 минутқа дейін қысқарады.  Бұл жайында бүгін "Астана LRT" ЖШС басқармасының төрағасы Талғат Ардан мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"ЭКСПО көрмесіне орай 7 шаттл-бас бағдарын іске қосу көзделіп отыр. Олар ЭКСПО-қалашықтың көлік хабымен түйістірілетін болады. Көрмеге тақау өтетін 10, 15, 12, 18, 35, 37, 40, 51, 53, 102 сынды 11 бағдар күшейтіліп, олардың қозғалыстағы нормативтік уақыты 5 минутқа дейін қысқартылады",  – деді ол.

Арданның айтуынша, Астананың  жолаушылар көлігі паркін жаңартуға бағытталған жұмыстар да жалғастырылатын болады. Мәселен, 2017 жылдың мамыр айының ортасына дейін елордаға жаңа 380 автобус жеткізілетіндігін атап өтті.

"Аталған автобустар қауіпсіздіктің қазіргі заманғы талаптарына сай, өте жайлы болады. Бұған қоса, жергілікті ауа райына бейімделіп жасалады. ЭКСПО көрмесі аяқталған соң, ескі автобустар біртіндеп пайдаланудан шығарылады", – деді Ардан.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Астанаға "IVECO" маркалы 358 автобус жеткізіліп, ескі 210 қоғамдық көлік пайдаланудан шығарылған еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу