ЭКСПО кешені пәтерлерін сату уақытша тоқтатылды

796

ЭКСПО кешеніндегі пәтерлер өткен жылдың 1 маусымнан бастап сатылымға шығарылған болатын. Бүгінгі күнге дейін 147 пәтер мен 102 көлік орны сатылыпты. 

ЭКСПО кешені пәтерлерін сату уақытша тоқтатылды

ЭКСПО тұрғын үй кешенінде пәтер сатып алуға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды "Бәйтерек Девелопмент" баспасөз қызметі.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ тұрғын үйлерді өткізу тетігін қайта қарауға байланысты ЭКСПО тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінімдер қабылдауды уақытша тоқтатады.

"2019 жылғы 16 қаңтар сағат 13:00-ден бастап ЕДБ ипотекасы мен тура сату тетігін қарау бойынша "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аумағында орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтерді сатып алуға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылды. Жылжымайтын мүлікке сұранысты және халықтың төлем қабілеттілігін ескере отырып, біз тұрғын үйлерді өткізудің қосымша тетігін әзірлеп, онымен таяу уақытта таныстыруды жоспарлап отырмыз", – деп хабарлады "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев. 

Бұл ретте ол биылғы жылдың 16 қаңтарына дейін Digital Baiterek порталы арқылы түскен өтінімдердің бұрынғы шарттармен қаралатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, ЭКСПО тұрғын үй кешенінде пәтер мен көлік тұрағының орнын қолма-қол ақшасыз өз қаражаттары есебінен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы қарыз қаражаттары, оның ішінде "7-20-25" ипоткалық бағдарламасы арқылы сатып алуға болатын еді.

Компания 2018 жылғы 1 маусымнан бастап кешен пәтерлерін сатуға шығарған болатын. Бүгінгі күні 147 пәтер мен 102 көлік орны сатылды. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға Digital Baiterek онлайн платформасы арқылы барлығы 1547 өтінім келіп түсті.

Тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үй-жайдың бір шаршы метрінің құны – 399 900 теңгені, паркингтегі орынның бір шаршы метрі 735 000 теңге тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу