ЭКСПО кезінде азық-түлікке сұраныс 50 пайызға артпақ

928

ЭКСПО кезінде азық-түлікке сұраныс 50 пайызға  артпақ

Қала басшылығы Қазақстан астанасында өтетін халықаралық форум кезінде азық-түлік бағасының күрт өсуін болдырмау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа - орталығы.

- Бізде бағаны қалыптастыру саласына мүмкіндігінше әсер ететін бірқатар нарықтық механизмдер бар. Атап айтқанда,сауда желілеріне және көтерме жеткізушілерге жеңілдікпен несие беру бойынша екі бағдарлама табысты жұмыс жасауда. Егер, екінші деңгейлі банктер оларға 16 – 18%-бен несие берсе, ал әкімдік несиені дәл сол банктер арқылы 7 – 8,5% -бен береді. Сәйкесінше, бұл тауардың нақты бағасына тұтынушылар үшін оң әсер етеді, - деп хабарлады Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Бұдан бөлек, М.Бектұрова атап өткендей, жеңілдетілген несиелендіру түрі кәсіпкерлерге белгілі бір мерзім аралығында келісімшартқа енгізілген тауарлар сын көтермеу  міндетін жүктейді.

- Біз баға мүлдем көтерілмейді деп айтпаймыз. Бірақ, біз бағаның күрт өсуі мен қасақана өсіру болмайтындығын жеткізгіміз келеді. Сонымен қатар, көтерілу үрдісін басып және бағаның сақталуын бір диапазонда ұстап, қаржыландырудың осындай түрін ұзақ мерзімге ұсынып отырмыз, - деді М.Бектұрова.

Бағаны ұстау мақсатында қолданылатын әкімдіктің басқа механизмі – азық – түлік қорын құрып, олардың жетткізілуін қамтамасыз ету. 

Сонымен қатар, Бектұрова тұрғындар 10-15 пайыз арзан бағаға азық-түлік сатып ала алатын аймақтық өндірушілердің тұрақты жәрмеңкелері елордадағы баға тұрақтылығына оң әсер ететінін де атап өтті.

- Күнделікті бақылау жүргіземіз, егер қандай да бір тауарға жетіспеушілік болса, бірден қосымша тауар тиеуді бастаймыз. Менің ойымша, біз бағаның кенет өсуін, жасанды тапшылықты болдырмау үшін барлық тетікті пайдаландық", - деп қорытындылады Малика Бектұрова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу