ЭКСПО кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектепке беріледі

945

ЭКСПО кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектепке беріледі

ЭКСПО қарсаңында әкімдікпен көрме кезінде 65 мыңнан астам балғынды тасымалдау үшін мектеп автобустары сатып алынған еді. Қазіргі уақытта оларды оқушыларды тасымалдау үшін пайдалану жоспарлануда. Бұл туралы "Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы" ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов айтты, деп хабарлайды egemen.kz.

"Келесі кесте бойынша жұмыс атқарылатын болады: ата-аналар мектептермен келісім-шартқа отырады, олар өз кезегінде оператормен қызмет көрсету жөнінде келісім жасасады",- деді Бекмырза Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша  "BusLane" жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу