ЭКСПО павильондарын аралаушылар саны 1 миллионнан асты

861

ЭКСПО павильондарын аралаушылар саны 1 миллионнан асты

ЭКСПО көрмесі ашылғалы бері ппвилиондарға келушілер саны 1 млн 57 мың адамнан асты. Тек өткен аптаның өзінде 205 561 адам көрмені аралаған. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов мәлімдеді. Оның айтуынша бір қонақ бір күннің ішінде 5-6 павильонды көріп үлгереді екен. Осы уақытқа дейін көрмеге 26 мыңнан астам шетел азаматы келіп кеткен. Ол барлық қонақтардың 13 пайызын құрап отыр деді Қарымсақов. Көрмеге келген 10 мың адам - 6 жасқа дейінгі балалар болса, мүгедектер мен ардагерлердің саны 2 мыңнан асқан. Ал 14 мың адам ол - оқушылар, студенттер мен зейнеткерлер.

Айта кетейік бүгін соңғы болып Румыния өз павильонын ашты. Қыркүйек айына дейін тағы да 7 мемлекет басшысы келеді деп күтілуде. Қазіргі уақытқа дейін ең көп мейман қабылдаған ол "Нұр Әлем" павильоны. Сондай-ақ 9 күн ішінде 28 мың кәдесый 80 млн теңгеге сатылған. Дегенмен, көрме кезінде жалған билетпен кірмек болған 100 оқиға тіркеліпті. Билет Оңтүстік Қазақстан облысында жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу