Экспорт көлемі 35%-ға артты

Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты хабарлады.  

Экспорт көлемі 35%-ға артты Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 98,4 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда (72,9 млрд доллар) 35%-ға артық.

Елімізден экспорттың номиналды көлемі 63,8 млрд долларды құрайды, бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда (43,3 млрд доллар) 47,5%-ға артық.

Экономикалық зерттеулер институтының есептеулері бойынша, Қазақстан экспортының нақты өсімі – шамамен 2,8 – 3%. Көрсеткіштің өсуі негізгі экспорттық тауарларға бағаның жоғары болуына байланысты.

Осы елдерге экспорт өсті:

- Италияға 84% немесе 11,2 млрд доллар;

- Қытайға 43%, 10,3 млрд доллар;

- Ресейге 15%, 5,9 млрд доллар;

- Нидерландыға 24%, 4,1 млрд доллар;

- Кореяға 2,9 есеге 3,6 млрд долларға дейін;

- Түркияға 71%, 3,6 млрд доллар; Өзбекстанға 36%, 2,6 млрд доллар.

2022 жылдың 9 айындағы Қазақстан экспортының көлемі  (63,8 млрд доллар) өткен 7 жылдағы көрсеткіштен асты. Соңғы рет ұқсас өсім 2014 жылы (79,5 млрд доллар) тіркелген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу