Экспорттаушыларды қолдау шарасын күшейтуге 500 миллиард теңге жұмсалады

609

Аталған соманың 470 млрд теңгесі қаржылық, ал 30 млрд теңгесі қаржылық емес шараларды қамтиды.

 Экспорттаушыларды қолдау шарасын күшейтуге 500 миллиард теңге жұмсалады

ИИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек экспортқа бағдарланған компанияларға қаржылық қолдаудан тыс көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Экспорттаушыларға қолдаудың сервистік шараларын күшейту аясында ҚХР, БАӘ және Ираннан инспекциялық комиссияларды қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындарға шақыру арқылы, олардың нарығына шығуды жеңілдетеміз", – деді Жеңіс Қасымбек.  

Министрдің мәлімдеуінше, 2019-2021 жылдар апралығында экспорттаушыларды қолдау шарасын күшейтуге 500 млрд теңге жұмсалады. Аталған соманың 470 млрд теңгесі қаржылық, ал 30 млрд теңгесі қаржылық емес шараларды қамтиды.

"Қаржылық және сервистік шараларды күшейту әкімшілік және сауда кедергілерін еңсеруге мүмкіндік береді. Бизнеске әлеуетті сатып алушыны таңдауға, көлік шығындарын төмендетуге жол ашады. Жоғарыда аталған шараларды табысты жүзеге асырған жағдайда шикізаттық емес тауар экспортының көлемін 2020 жылға қарай 22,4 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу