banner

Экспорттық акселерация бағдарламасын дамыту жалғасады

842

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев шикізаттық емес экспорт көлемін 41 млрд долларға жеткізу жоспарланып отырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Экспорттық акселерация бағдарламасын дамыту жалғасады

"1 мың белсенді экспорттаушының сыртқы нарыққа шығуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 350 экспорттаушыны электронды сауда платформасына шығару жоспарланып отыр", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің сөзінше, мемлекеттік эталондардың халықаралық талапқа  сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сынақ зертханалық базаларының 30%-ы жаңғыртылады. 

"Экспорттаушыларды сыртқы нарықта ілгерілету мынадай іс-шаралар есебінен қолдау табады: экспорт алдында және экспорттық қаржыландыру, сақтандыру, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру, сондай-ақ экспорттаушылардың шығындарын өтеу. Нәтижесінде шикізаттық емес экспорт 2 есе артып, 41 млрд долларға жетеді", – деді министр. 

Сөз арасында Әсет Ерғалиев "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасының шикізаттық емес экспортты ілгерілету бағыты аясында жаңа өндірістерді өсіруге және жұмыс істеп тұрған экспорттаушылардың құзыретін арттыруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын дамыту жалғасатынын жариялады.  

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу