Экспорттық тауарлар бағасы жоғарылады

1114

Экспорттық тауарлар бағасы жоғарылады

Биыл қаңтар-сәуірде экспортталатын тауарларға баға - 0,6%, импортталатындарға 1,1%-ға жоғарылады, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы мысқа - 7,9%, қара және түсті металл кендеріне - 7,3%, мұнай өнімдеріне - 4,4%, табиғи газға - 2,4%, көмірге - 2,1%, мұнайға 1%-ға жоғарылады, ферроқорытпаларға - 3,7%, алюминийге - 2,7%, қара металл кендеріне - 2,6%, қорғасынға - 2%, мырышқа - 0,4%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға 5,3%-ға жоғарылауы, ал ұнға - 6,3%, жүнге - 2,1%-ға, бидай және арпаға 0,4%-дан төмендеуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден темекі - 14,6%, көкөністер - 5%, балық 3,9%-ға қымбаттады. Какао - 10,7%, қант – 4,5%-ға, кофе және маргарин - 3,5%-дан, құс еті - 2,2%, сүт өнімдері 1,9%-ға арзандады. Баға былғарыға - 5,1%, тоқыма бұйымдарына - 3,3%, аяқкиімге - 1,6%, пластмассаға - 1,1%, құрылыс материалдарына 0,9%-ға жоғарылады, сүрекке - 1,3%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу