Эквадор президенті ауруханаға түсті

379

Президент Гильермо Лассоның 16 және 17 сәуірге жоспарланған барлық кездесулері кейінге қалдырылды.

Эквадор президенті ауруханаға түсті Фото: Reuters

Эквадор президенті Гильермо Лассо инфекцияға байланысты ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекет басшысы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық басылымға берген сұхбатынан кейін Президенттің қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлады. Сондықтан Мемлекет басшысы Китодағы әскери госпитальға жеткізілді.

"Дәрігерлер оның зәр шығару жолында инфекция барын анықтап, ауруханада дәрігерлердің бақылауында болып, тыныштықта емделуге кеңес берді", — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әкімшілікте Президенттің 16 және 17 сәуірге тағайындалған барлық кездесулері кейінге қалдырылатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу