Эквадорда тікұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты

191

Эквадорда бес әскери қызметші мен үш бейбіт тұрғын әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Эквадорда тікұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты Фото: Riesgos Ecuador

Мәлім болғандай, тікұшақ су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізу үшін жолға шыққан. Апат Пастаса провинциясының Тивино аймағында таңғы сағат 9:36 болған.   

"Эквадор армиясы шұғыл комиссия құрып, қарулы күштерді қайғылы жағдайға тап қылған апаттың себебін зерттеуге кірісті", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу