Эквадордағы көшкін құрбандарының саны 43 адамға жетті

451

Іздеу-құтқару жұмыстары 27 наурыздан бастап жалғасуда. 

Эквадордағы көшкін құрбандарының саны 43 адамға жетті Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Эквадордағы көшкін құрбандарының саны 43 адамға дейін өсті. Бұл туралы Латын Америкасы елінің Тәуекелдерді басқару жөніндегі ұлттық хатшылығында хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

Көшкін 27 наурызда Чимборасо штатының Алауси қаласында болды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Көшкін қайталанған жағдайда адам өміріне қауіп төнбеуі үшін 1000-ға жуық тұрғын  эвакуацияланды. 163 үй зақымданып, оның 57-сі толығымен қираған.

Жабық жолдарда қозғалысты қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

30 наурызда Чимборасо штатында төтенше жағдай жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу