ЕҚЫҰ Орталық Азияда қауіпсіздікті нығайтуды көздейді

579

ЕҚЫҰ-дағы АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция елшілері Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанға таяуда жасаған сапарынан кейін Орталық Азиядағы қауіпсіздікке кешенді қолдау көрсетуге бекінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz KazTag агенттігіне сілтеме жасап.       

ЕҚЫҰ Орталық Азияда қауіпсіздікті нығайтуды көздейді Фото: khabar24.kz

Мәлімдемеде Орталық Азияның барлық елдеріндегі ЕҚЫҰ миссиясы сарапшылық тәжірибе, ақпараттық-ағартушылық қызмет, дауласушы топтарды шақыру, бүкіл ел бойынша барлық деңгейде өзара байланыс орнатудың арқасында шын мәнінде пайдалы болып отырғаны айтылған.

"Сапарымыз барысында бірнеше нәрсені байқадық. Біріншіден, қауіпсіздік мәселесінде бірлесе жұмыс істеудің маңызды екенін мойындаймыз – қазір бетпе-бет келіп отырған көптеген қатерлер бәрімізге ортақ және біздің елдеріміз, соның ішінде ЕҚЫҰ құралдарын қолдана отырып ынтымақтасуға дайын", - делінген мәлімдеме.

Төрт елдің елшісі сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің арасындағы тығыз қарым-қатынастың экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтеді.

"ЕҚЫҰ сауда, транспорт және цифрлық технологиялардың дамуында маңызды рөл атқарады. Елдер арасындағы өзарабайланыс пен ынтымақтастықтың негізінде өркендеу тұрақты даму үшін аса маңызды. Экономикалық қауіпсіздік - жемқорлықпен күрес, тиімді басқару, заң үстемдігі мен экономикалық әртараптандыру батығындағы нақты қадамдар арқылы нығаяды", - деп жалғасыпты мәлімдеме.

Үшіншіден, климат пен энергетика, су ресурстарын басқару және жасыл энергияға көшу мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастықтың кеңеюін маңызды деп санаймыз. ЕҚЫҰ су дипломатиясы мен су ресурстарын басқаруда маңызды рөл ойнай алады. Климаттың өзгеруі судың жетіспеушілігі проблемасын күрделендіріп отырғандықтан, трансшекаралық ынтымақтастықтың маңызы арта береді. ЕҚЫҰ бұл салалардағы, соның ішінде энергияны тұрақты өндіру саласында, аймақтық және екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюін қолдап отыр. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ аса маңызды энергетикалық инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету мен Орталық Азиядағы энергоқауіпсіздікті нығайту бағытында жұмыс істейді.

Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-дағы Батыс елдерінің елшілері, қауіпсіздікті күшейтуге БАҚ еркіндігі, ашық және әділ сайлаулар, өз ойын білдіру еркіндігіне кепілдік беру де ықпал етеді, деп санайды.

"Адамзат қауіпсіздігі мен гендердік теңдік қауіпсіздіктің, соның ішінде аймақтық және ЕҚЫҰ елдеріндегі қауіпсіздіктің негізі. ЕҚЫҰ маңызды реформаларға өңірлердегі миссиялары, Адам құқықтары және демократиялық институт жөніндегі бюро және БАҚ еркіндігі мәселесі жөніндегі Өкілдігі арқылы қолдау көрсете алады", - делінген мәлімдемеде.

Елшілер сапар барысында көрсеткен қонақжайлық үшін алғыс айтып, Орталық Азияның маңызды аймақ екенін атап өтеді.

"Біз сіздермен кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірқатар мәселелері бойынша, соның ішінде ЕҚЫҰ тарапынан ынтымақтастық орнатуға дайынбыз", - деп аяқтайды.

Мәлімдемеге Францияның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі, елші Кристин Фаж, Германияның тұрақты өкілі, елші Геза Бройтигам, Ұлыбританияның тұрақты өкілі,  елші Нил Буш және АҚШ-тың тұрақты өкілі, елші Майкл Карпентер қол қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу