Ел аумағында антитеррорлық оқу-жаттығу кезінде автокөлік қозғалысы шектеледі

363

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ел аумағында антитеррорлық оқу-жаттығу кезінде автокөлік қозғалысы шектеледі Фото: gov.kz

5–30 маусым аралығында "Найза-Антитеррор-2026" республикалық оқу-жаттығуы барысында еліміздің жекелеген өңірлерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Құзырлы органдар азаматтарды сабыр сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Антитеррорлық орталық үйлестіруімен ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығулар барысында терроризмге қарсы іс-қимыл тетіктері пысықталып, мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың өзара іс-қимылы тексеріледі. Осыған байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Комитет тұрғындарға оқу-жаттығулар кезінде сабыр сақтап, енгізілген уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

"Найза-Антитеррор-2026" оқу-жаттығуларының мақсаты – терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесінің дайындығын арттыру және ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою механизмдерін жетілдіру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу