Ел азаматтарына тұтынушылық несие беру шектелуі мүмкін

453

Атқарушы билік борыш жүктемесінің коэффициентін төмендетуді жоспарлап отыр.

Ел азаматтарына тұтынушылық несие беру шектелуі мүмкін Фото: Pixabay.com

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда тұтынушылық несие беру көлемі өскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шынында да, соңғы жылдары тұтынушылық несие беру көлемі өте жоғары. Жалпы алғанда, 1 қазанға есептегенде бүкіл банктердің берген несиелерінің көлемі 41 млн теңгеге жуықтады. Оның ішінде 40 пайыздан астамы тұтынушылық секторға берілген. Оның 60 пайызы жеке тұлғаларға берілген. Мұны қауіпті жағдай деп айта алмаймын, бірақ диспропорция бар. Нақты секторда несие бермей, көбісі тұтынушы секторға беріп жатыр. Оны өзгерту керек. Қазір біраз тетіктер мен құралдар Қаржы нарығын реттеу агенттігі, Ұлттық банкпен келісіп дайындап жатырмыз. Кешенді жоспарды жақында жариялаймыз", – деді Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, Үкіметтің мақсаты – қаражатты нақты секторға беру.

Журналистер вице-премьер қазақстандықтарға қандай кеңес беретінін нақтылады.

"Қазір біраз тетіктер бар. Біріншіден, борыш жүктемесінің коэффициентін төмендету. Сосын халыққа ғана бағаны көрсету, себебі кейбір кезде бөліп төлеуге алғанда шын бағаны азаматтарымыз білмей жатады. Көрсетілген бағаның ішінде несиенің пайызы жүреді. Оны нақты көрсету үшін маркетплейстерге, екінші деңгейлі банктерге талаптар енгіземіз", – деді Ұлттық экономика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу